Бейбіт Жұмажан
к записи "Размышления о сборнойдля kabykey:«Келісем! Ұлттық команданың жақсы ойнағанынан артық жоқ шығар, әр футбол жанкүйері үшін.
Нәтиже жоқ. Қанша уақыт өтсе де қазақ футболында өзгеріс жоқ. Әр ойын сайын жеңіліс тапса да сонша рет жанкүйерлік етуден жалыққан емеспін.
Ойын өрнегі мәз емес. Қарап таң қаласың. Профессионал футболшы олай ойнау керек емес қой. Сенің жұмысың доп тебу болса оны жетік білуің керек. Мамандығың сол. Олай ойнамасам да, соған ұқсас допты менде тебе алам. Жас кезімнен доп теуіп өскем.
Енді мардымды ойын көрсете алмасаң алаңда не бар саған?
Шет елдің командасымен ойнағанда ұялады екенсің. Қорғанумен 90 минутын өткізу мен үшін күлкілі.
Футболға жасалған қиянат.
Нидерландымен ойнаған ойындағы жалғыз соққымыз гол болып кіріп жақсы болды. Қуанышымызда шек болмады.
Бірақ уақытша ғана.
Алаңда жан берісіп, жан алысып ойнайтын қазақтар, Нөсербаев, Исламхан, Жолшиев, Қонысбаев, Тағыберген, Нұрғалиев, Бейсебеков, Дарабаевтар ғана.
Қазақтар алаңда көп болса соншалықты ойын жандана түседі. Жиі ұлттық құраманың ойынын көретін адам түсінеді.
Бұрында айтқам, қазірде айтам, қазақ ұлтынан ойнамайынша футболда алға жылжу бекершілік. Жанын салып, терін төгіп, 100 пайыз ұлтына беріліп ойнамағанша нәтиже жоқ бізде. Болмайды да.»...":
Тамша коммент жазған екенсің, өркенің өссін қарағым!Өзің сияқты отаншыл- патриот жанкүйерлер көбейе берсе Қазақ футболы алға жылжиды! Бәріміз бірге болайық бір болайық!