Болельщик-ветеран
к записи "Раз на раз?..для Бейбіт Жұмажан:«"Қайраттан" әлде кімдер Астанаға барып осындай баннер ілді дегенге сенбеймін.Былтырғы маусымда "Қайраттың" қолынан Чемпиондықты жұлып әкеткенде де "Қайрат" ешқандай провакацияға барған жоқ.Адал, ашық ойнады. Самат бастаған футболшыларымызға коммент жазып араша түскеннен басқа өз басым "Астана" клубы жайлы жаман ойлағаным жоқ.Бұйырған қолаға ризамын.Футболдағы интриганы жанкүйерлер жасамайды, әркім өзінің командасын мақтап, даттағандармен сөз таластырғаннан басқа. Біздердің қолымыздан келетіні де осы. Кім не жасаса да, кім не айтса да қайраттың аты -"ҚАЙРАТ"!!! 61 жылдан бері Еліміздің № 1-ші халықтық командасы аталып келе жатқан. Ал "Астана" Чемпиондар Лигасында айтулы жеңістерге жетіп жатса, қуанамын. Қазақ футболының атағы мен абыройы үшін. Дегенмен,алдағы маусымда "Астана" Чемпиондық атақты жеңіл жеңіп алады деп ойламаймын. "Ақтөбе" мен "Қайрат", "Қайсар", "Ордабасы" және барлық клубтар осындай үмітпен ойнайды. Ішкі бәселестік енді бұрынғыдан да артады.Ешқандай клуб керуеннің соңында қалғылары келмейді. Бірінші лигада да ҚПЛ-ға енуге әзір тұрғандар жеткілікті. »...":
Әй, жарайсың, Жұмажан!