Muhtar Nurbekov
к записи "Алексей Ни: «Конкуренты с ужасом обсуждают: какие еще сюрпризы готовит Казахстан в Рио?!»для Калмаганбетов Адилет:«1 апта ұйықтамастан тамашаладық. Тамашаладық деген сөз, орынды бұл жерде, өйткені, тек біздің елдің ғана емес, барлық қарсыластардың да нәтижелері өсіп отыр. Қайталап айтамын, қолдау керек, Алексей Ни мен оның командасын. Ауыр атлетика - Риодағы қазақ спортының басты үміті. Қаншама жұлдыздар мен таланттарды өсірдік, енді әділ таңдау жасауымыз керек. Себебі, 10 ғана лицензия.Әрине, Риоға дейін көп нәрсе өзгереді, дегенмен осы сәтке өзімнің ойымды білдіріп көрейін. Менің тізімім ерлер - И.Ильин (105 кг), А.Зайчиков (105кг, әлем чемпионын қалдырып кеткен әділ бола қоймас), Ж.Қыдырбаев пен А.Өтешов (екеуі де 94 кг), Н.Рагимов (77 кг, құжаттары дұрыс болса әрине), алтыншысына күмәнданып отырмын кандидаттар көп А.Чонтей, Ф.Харки, В.Седов, К.Павлов, С.Абубакаров және т.б. Меніңше 105 пен 94 келілерден басқа салмақтарға мүмкіндік берген дұрыс. Қыздарда да таңдау жасау оңай емес, анық таңдауға ілінетіндер З.Чиншанло, С.Подобедова, Ж.Жаппаркул ал, соңғы спортшы меніңше К.Горичева мен М.Елисееваның бірі болуы мүмкін. Н.Ногай тым жас, сол жастығы оған қалған айларда жақсы нәтиже қосуға мүкіндік береді деп есептеймін. Аса ауыр салмақта алтынға таласу өте қиын, онда айқын фаворит бар ғой, бірақ сәл нәтиже көтерілсе медальға таласуға болады. Соңғы олимпиада ойындарының жеңімпазы М.Манеза ренжімес, формасы мықты түсіп кеткен, былтырғы Алматыдағы біріншілікте де ұят болды, осы жолы да. Бірақ бәрін уақыт көрсетеді, барлығы да тәжірибелі спортшылар, уақыт жеткілікті дайындыққа. Жалпы жігіттеріміз бен қыздарымыздың тілеуін тілейік ел болып, ауру мен жарақаттан аман болып, ел абыройын асқақтата берсін! Алла қуат берсін!
А.Ни мырзаға мың алғыс! Жұмысты осылай жасау керек, кім - кім де.....»...":
Мая Манеза жайлы айтканын дурыс емес. Мая озинин салмагына шыкса кумансиз чемпион болады. Кыздардан Зульфия Чиншанло гана Олимпиадага 100% барады. Калгандары таласу керек.