ҚАЗАҚ ЕЛІ
к записи "Владимир Вайсс: «Всегда тяжело играть в Шымкенте»для Бейбіт Жұмажан:«Аллам сақтасын, неге ренжимін.Қайта қуаныштымын.Қасиетті дініміз жайлы ой бөлісіп отырғанымыз жөн ғой.Тек мен саған Алламызға серік қосқандай болып көрінген сияқтымын. Негізінде мен сәждеге басымды иген,намазға жығылған мұсылманның бір баласымын.Тек өзің айтып отырғандай Бір Аллаға ғана құлшылық етемін. Аруаққа сыйынатындар сектанттар ғой. Оның бетін аулақ қылсын. Қазақ жеріне ислам дінін алғаш таратушы Ахмет Яссауйдің мазары Түркістан қаласында орын тепкендіктен еліміздің мұсылмандарының барлығы Бір Алламызға бағыштап құран оқытуға барады. Мәселен мен Пір Бекет Атаның басына барғанда да АллаҺ тағаланың ризашылығы үшін Құран оқыттым. Түркістанға да, Арыстанбабқа да, Маңғыстауға да тек мұсылмандар ғана емес басқа діндегі шетелдіктердің келгенін көрдім. Шетелдік туристер осы қасиетті орындарды тамашалауға қазақтың болмысын тану үшін және басқа да мақсаттармен келеді деп ойлаймын. Ал менің бас бапкерге қаратып айтқан сөзімнің мәніне тереңірек үңілсең неге олай жазғанымды түсінесің.Мен оған көп нәрсені бадырайтып айта алмаймын ғой. Сондықтан сөзімнің барлығы астарлы. Түркістан қазақтың рухани - астанасы. Менің емес мемлекеттік деңгейдегі тұлғалардың аузынан шыққан сөз. Алматы еліміздің астанасы болған кезде мұсылман мемлекеттерінен келген делегация мүшелерінің ресми кездесулерден кейін бейресми тұрғыда Түркістанды көруге барып қайтатынын көрген адаммын. Ал елімізде қызмет ететін өзге діндегі шет елдік мамандардың Астана және Алматымен шектелмей Түркістанды да көрер болса мемлекетіміз бен халқымыз туралы мағлұматтары кеңейері сөзсіз.»...":
ТҮсінікті. Намаздарыңыз қабыл болсын!