Сахи Шегебаев
к записи "Серик Сапиев: «Серьезно готовимся к предстоящим боям»для Сахи Шегебаев:«Негізі, мен, Бекетович дегенді танымаймын. Бірақ, ол өзінің әңгімедегідей,"сүйіктісі" үшін ғана жаны ашып отырса, міне, ең жаман тірлік осы. Қазақтың спортының, қала берді жалпы тірлігінің оңбай отырғаны осындай "дұрыс еместердің" кесірінен. Ал, Корчинскийге келетін болсақ, ол тіпті, бокстағы "Қазақ қотаңбасын" құрта сақтаған маман. Әңгіме оның ұлтында емес, дәл сол орында жұмысының дұрыс атқарылмағанында. Мысалы, оған дейін бізің боксшылар "екі этажда да(қабатта) жақсы жұмыс істейтін. Ол біздің бокс емес қой. Осы әңгімелерді ащылау айтып, осы сайтта Бір Руслан деген інішекпен біраз сөзге барысқанмын. Иә, Корчинский бізге "оң" түскен жоқ. Жақиевтың жұмысына дауым болған жоқ. Ал, Ақүрпековке келсек, менің оған, қалай болғанда да, онша көңілім толмайтын. Әсіресе, өзбектерден кейін. Бірақ, азербайлардан кейін "тілімді тістеп қалдым" - өте керемет! Әйтпесе, ол туысқандар да, қарақ жасауға келгенде өзбектерден қалыспайтыннан ғой. Амал жоқ, біздің балалар боксшыларын тұрғызып қойып сабағасын берді. Шын мәнісінде есеп; 4-1 болатын, мүлде! Реті келгенде тағы айтып кетейін, біздің балалар өзбектерге таза жеңіле қоймайды, алым-берім болмаса. Бұл жерде де боксшыларымыздың аса кінәсі жоқ; тек бокс маңайындағы шенеуіктер бірде техникаға үстемдік беріп, бірде "былшылдатқан төбелеске" "ұпай тастап" отырады. Және, көбіне әңгіменің Қазаққа тиімсіз жағына шығады. Қайтсін енді, басқаша болса, жұрт боксты Қазақтар мен кубалықтарға беріп, бокстан қашып кетуден де тайынбайын деп отыр. Ол байғұстарды(шенеуіктер) да түсінуге болады; жеп отырған нандары ғой. »...":
"Қазақ колтаңбасын"