A.S.
к записи "Ренан Брессан: «Ничья в такой игре для нас — неудача»для Бейбіт Жұмажан:«Аллам сақтасын! Іштарлық деген үлкен күнә ғой.Мен ондайдан ада адаммын."Ақтөбе" құрамында тым болмағанда 5 қазақтың баласы ойнап, олар Еуропада ұлтымыздың бет бейнесін танытып жүрсе қызғанбақ түгілі мойныма бұршақ салып "Ақтөбенің" тілеуін тілер едім.Менің қызғанатыным жергілікті футболшылардың орыны! Өз футболшыларымыздың тасада қалуы - жанайқайым! Жанерлер әртүрлі болады ғой.Бірі космополит, енді бірі мәңгүрт дегендей.Неге осындайсың дей алмайсың.Әркім өзі біледі неге, кімге жанер болатынын.Ал мен тұтас қазақ футболындағы бүкіл қазақ ойыншысының жанкүйермін. Сабыр Адай деген ақынның өлеңмен айтқанындай: "Әр қазақ менің жалғызым"деймін. Әрине,сіздің бүгінгі футболды легионерсіз елестету мүмкін емес дегеніңіз дұрыс. Тек 2-3 жақсы легионерден аспауы керек. Біздің колардағы легионерлердің осы мусымда қанша гол соққанын санап көріңізші. Олар соққан голды жергілікті футболшыларымыз да жаппай ұрып жатқанда легтерді қымбатқа сатып алу керек пе? Дей тұрғанмен, 100 пайыз легионерге толтырған "Ақтөбе" сияқты Еуропадан да,Азиядан да, Африкадан да бір ко көрмедім. Мүмкін білмейтін шығармын.Сіз білсеңіз айтарсыз. Легионерлері жергілікті ойыншылардан басымдау елдерді біздің елімізбен қалай салыстырамыз? Англия, Франция, т.б. мемлекеттерде легионерлер көп болсадағы француз бен ағылшынның ақ нәсіл және қандай ұлт екенін дүние жүзі біледі.Олар ұлттық бет-бейнелері айқын ұлттар болғандықтан басқа нәсілдегілерді жалдап ойната береді.Қазақ боксшыларының түр түсін планетамыздың бокс жанкүйерлері жақсы танып отырғанда неге қазақ футболшысының түр-түсін танымауға тиіс? "Ақтөбеге", Астанаға", "Шахтерге", "Қайратқа" Еуропада ойнауды Бір Алламыз нәсіп еткенде осы мүмкіндікті қазақ деген халықтың футболдағы биік рухын,өзіне тән қайрат-күшін көрсетуге неге пайдаланбасқа?! "Қайрат", "Ордабасы", "Тараз", "Тобыл", "Ақжайық" коларының жанындағы балалар мен жасөспірімдер мектептерінде қарадомалақтарымыздың көптеп тәрбиеленіп жатқанын дәтке қуат етемін! Қазақ футболының 100 жылдығын атап өту шеңберінде "100 ауылға -100 футбол алаңы" акциясын бастаған Шығыс Қазақстан облысының өркенді ісі қанат жайғандықтан қазір ауылдарда футбол алаңдары көптеп салынуда. Алматыға жақын аудандардағы кез келген ауылға барсам болды алаңдарда, үйлерінің маңына өздері жасап алған алаңшаларында футбол ойнап жүрген балдырғандарды көріп қуанамын. Өзіңіздің де қазақ футболының болашағының жарқын болатындығына деген игі ниетіңізді Алламыз қабыл етсін! »...":
сал шыданыз, Актобенин казак кара домалак балалары али жарып шыгады. Олар Марат Хайрулин сиякты Юра Логвиненко сиякты мыкты ойыншыларга еликтеп, соларды улги тутып осип келеди. 2005 жылдан бастап ФК АКТОБЕ жулдели орындардан коринип жур.. бул кезде Актобенин казир дубльинде ойнайтындар кип кишкене балалар болатын. КО-нын жанерлериде жылдан жылга артуда. Казирги ФК Актобенин дубльинде ойнап жургендердин 80 пайызы казак балдар.. ал турнир кестесинде биздин дубль биыл биринши орында келеди.. болашакта 3-4 жыл ари дегенде осы жигиттер жарып шыгады сонда корип созинизди кайтып аларсыз деп ойлаймын!!!