Qairat54
к записи "Юношеская сборная Казахстана до 19 лет уступила Польше в товарищеском матчедля Marat-bei:«ҰСЫНЫС !!!
Жанкүер бауырлар, футболымыз бұлай жалғаса беруіне жол бермеуіміз керек.
Масқара болғанда әрі қарай үндемеу мүмкін емес.
Бір шара қолданайық!
Әрбір жанкүйер өз пікір-ұсыныс, ой-толғамын ұсынса артық болмас деп ойлаймын. Сондықтан мына ұсынысты қабыл алыңыздар және әрбір жанашыр жанкүйер ӨЗ пікірн қосса.
ФФК-ға жанкүйерлер осындай ұсыныс арқылы әсер етуге тырыссақ.
Бұған қалай қарайсыздар ағайын!!!
Сеңді орнынан қозғалтуға тырыспасақ, осы ұтылған ұтылған боп қала береді. Ұтылу ӘДЕТКЕ айналып кетті.
Жедел қолға алынатын 6 мақсат:
ҰСЫНЫС ЖОБА
1. Футболы дамыған ел чемпионаттарында футболшыларға ақша мемлекеттік бюджеттен емес клуб бюджетінен төленеді. Сондықтан, КПЛ клубтары толықтай жекешелендірілгенше КПЛ футболшылары мен клуб қызметкерлер айлығын ҚР орташа жалақыдан асырмауды қатты қадағалау (2017 жылы - 128 000 теңге).
2. Легионерлерге (Қайрат клубын есепке алмағанда) мемлекеттік бюджеттен емес, спонсор есебінен қаржы төлеуін қадағалау және жолға қою. (КПЛ клубтары толықтай жекешелендіріліп аяқталғанынша)
3. КПЛ клубтары жергілікті бюджетке салмақ салып отырғандықтан, аталған облыс орталығындағы және астаналық клубтарды «Қайрат» ФК тәжірибесіне сүйене отырып жекешелендіру жұмыстарын шұғыл түрде қолға алу.
4. КПЛ ойын барысында 1 клубта легионерлер санын 5 ойыншыдан асырмау.
5. Ұлттық құрам және құраманың бас бапкерін таңдалып, жасақталғанда интернет-сауалнама арқылы жанкүйер пікірін есепке алу әрі нәтижесін БАҚ-да жариялап отыру (Ұлттық құрам бас бапкерінің халықаралық және ұлттық құрамдармен жұмыс істеген тәжірибесіне баса назар аудару).
6. Ұлттық құрам және ұлттық құрамның бас бапкерін мемлекет бюджетінен қаржыландыру. Футболшылардың ұлттық құрамдағы ойындары үшін ақша төлемеу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
1. КПЛ жалақысын ҚР орташа жалақыдан асырмау арқылы мықты ойыншыларымыздың футболы жақсы дамыған чемпионаттарға барып ойнауына тікелей ЖОЛ ашылады. Және ұлттық құрамның күшейюіне, ойын өрнегінің жақсаруына септігі тиеді. Себебі, қазіргі футболшылар КПЛдағы ШЕКТЕН тыс көп айлықтың кесірінен мықты лигаларға барып ойнауға мүдделі емес.
2. Мықты легионерлердің ел имиджінің жақсартады деген желеумен мемлекеттік бюджеттен мол қаражат жұмсауды доғару мақсатында спонсор есебінен қаржы төлеуді қолға алу және клубтарымыздың жекешеленген соң қазіргі кездегіден де қымбат әрі мықты легионерлерді шақыртуына мүмкіндік туады.
3. КПЛ клубтарын толықтай жекешелендіру арқылы ел чемпионатының сапасы мен инфрақұрылымы артады. Ең кемі 3 мәселе шешімін табады. Бірінші - жергілікті бюджеттің қаржысы үнемделеді. Екінші – коррупцияның алды алынады. Үшінші - жаңадан стадиондар мен спорт алаңдары салынады, әрбір клубтың базасы жасақталады. (жыл сайын капремонт, реставрация деген сылтаумен бюджеттің мол қаржысы желге ұшуда. Миллиондаған ақшаға тек стадиондардың әктеп-краскіленуінен басқа түк істеліп жатқан жоқ десе де болады. Газондарымызда ойнау ҚАУІПТІ екенін барлық мамандар айтуда)
4. КПЛда легионерлер санын 5 ойыншыдан асырмау арқылы жергілікті ойыншылардың өсіп, дамуына жол ашылады.
5. Ұлттық құрам ойынының жақсаруы, әрі клубтардың даму жүйесі (инфрақұрылым, қаржы, ойын сапасы, т.т.) ашық, демократиялық тұрғыда дамуына септігі тиеді. (Әлем және отандық футбол және мықты бапкерлер туралы футбол жанкүйері жақсы хабардар болып отыратыны сөзсіз) Ұлттық құрам бас бапкерінің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып кездейсоқ, біркүндік бапкерлердің елімізде жұмыс істеуін болдырмау.
6. Ұлттық құрам база-жүйесі мен бас бапкерін мемлекет бюджетінің еншісінде қалдыру арқылы Қазақстан ұлттық құрамасы әркез мемлекет назарында ұстау, қадағалау, дамыту, т.т.. Футболшылардың ұлттық құрамда ақша үшін емес патриоттық сезім үшін ойнауын басты назарға алу.
РАМХМЕТ!!!
»...":
Сіз жазғанға қосыламын, барлығы дұрыс! Бізге Отандық футболды жаңа деңгейге шығару үшін Исландияның тәжірбиесін алу керек, 320 мыңнан сәл ғана асатын мемлекет Еуропа біріншілігіне шығып, бүкіл әлемді таңқалдырды.
Бірақ қазіргі ҚФФ-да отырған басшылар бұл мәселелерді ешқашан шешпейді, себебі оларға қазіргі жағдай майдай жағады. Оларға дәл қазіргідей жүйе қала берсе болды. Қазіргі ҚФФ таратып жаңа президент сайлау керек. Адал, футболды түсінетін, жаны ашыйтын, өз елін, отанын сүйетін адамдар келмесе ештеңе өзгермейді.