Saxi
к записи "Президент ФФК или базарная баба?для кабалт:«Кезінде Мөңке би келешек туралы былай депті:
«Кер заман кезінде: -
Көлдің суы бітіп, табаны қалар,
Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалар,
Жақсының атағы кетіп, азабы қалар,
Әулиенің аруағы кетіп, мазары қалар,
Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалар,
Сөздің маңызы кетіп, самалы қалар,
Сөйтіп, ақылы жоқ санасыздың заманы болар.
Кер заманның кезінде: -
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады,
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын,
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң, ауырып қалатын,
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Табалдырықтан биік тау болмас,
Туысқаннан мықты жау болмас.
Кер заманның кезінде су тартылар,
Тана мен торпаққа жүк артылар,
Ар-ұяттың бәрінен жұрдай болып
Қарап тұрған жігітке қыз артылар.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің де ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады,
Ит пен мысықтай ырылдасқан
Еркек пен қатының болады...
Кер заманның кезінде: -
Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Бетіңнен ала түсетін інің болады,
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.
Еркегің қазаншы болады,
Әйелің базаршы болады.
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады.
Кебір жерге теңеледі,
Әйел ерге теңеледі.
Көл теңізге теңеледі,
Сиыр өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы –
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны ащы демейді.
Тапқанын олжа дейді,
Алһам білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады.
Ақырзаман халқының -
Шайдан басқа асы жоқ,
Жақыннан басқа қасы жоқ.
Лағынет қамыты мойнында,
Жұмыстан қолының босы жоқ.
Әрқашанда олардың
Көңілінің қошы жоқ.
Бар шаруасы түп-түгел,
Енді мұның иесі жоқ.
Заман ақыр боларда -
Жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Әйелдер жесір болар,
«Ә» десе «Мә» дейтін кесір болар.
Бас қосылған жерлерде,
Әйел жағы ден болар.
Жаман-жақсы айтса да
Өзінікі жөн болар.
Орай салып бастарын,
Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар.
Сөйткен заман кез болса,
Түзелуі қиын болар!...». Қалай дәл айтылған. Дәл қазір бүткіл қазақ осы болжамда айтылған «Кер заманның» қақ «төрінде» отырған жоқ па?! Осыдан асқан көріпкелдік болуы мүмкін бе?! Мөңке бидің де, оның ұрпақтарыныңда жерленген жері Маңғыстаудың қырында, ол жер күні бүгінде де Қара Мөңке деп аталады.»...":
Әңгімең жақсы, ескінің есті әңгімесін еске салғаныңа рахмет. Бірақ, аватаркаң өзің сөз қылып отырған азған ұрпақтың белді мүшесінің бейнесіне келеді екен; адамның жүрегін айнытпай құртсайшы - кәдімгідей келелі сөзіңнің қадірін кетіріп тұр..
Saxi
к записи "Президент ФФК или базарная баба?для AK777:«таких лжепатриотов нужно расстреливать в первую очередь. Все мы живем в правовом государстве и никто не должен быть выше законов и установленных правил. Потакая людям, которые плюют на нормы и правила вы предаете свою Родину »...":
Дұрыс әңгіме айтып отырсың!