StarM
к записи "Интрига возрождаетсядля Maratzhan:«ҰСЫНЫС!!! Ең негізгісі КПЛ-мызды қазақшалап Аламан Лига десек (соңғы жағында анық-қанығы жазылды)...КПЛда 8 команда қалдырсақ. 8 команда 4 айналымда (2 қонақта 2 үйде) 28 ойын + кубок және еурокубок ойындарымен сезонына 35-40 ойын ойналар еді. Және бұл регламент бойынша проходной ойындардан гөрі нағыз тартысты ойындар тамашалайтынымыз анық. Осы күнгі регламент бойынша КПЛда екінші айналымнан соң 6 команданы шлак есебінде жүлдеден шеттетіп тастайды, демек бәсекеге қабілетті болмағандықтан. Осы күнгі екінші 6-лықтағылардың тек 2-3 ғана 1-ші лигага түсіп кетпеуі үшін жанын (ақшасын) салып жүр, ал қалған 3-4 команда «ля-ля-фа» деп (гулять етіп жүріп-ақ) сезонды аяқтайды. 1-ші 6-лықта да тек 3-4 ғана клуб жүлдеден дәмелі болса 2-3 клуб әншейін очко таратып (сатып) жүргені анық. Болашақ чемпионның жөні бір басқа, бұған сезон сайын 2 кейде 3 клуб дәмелі. Ал 14 немесе 16 команда ойнатсақ жыл аяғына дейін барлығы чемпионатты аяқтауы екіталай. Оны өткен жылдарда көргендіктен барлықтарыңыз жақсы білесіздер. Егер суперлигамызда 8 команда болса жүлделі орынға ілугуге және еурокубоктерге ойнау құқығына 5 немесе 6 клуб араласар еді. Бұл жүйе бойнша соңғы 7-8 орын алған 2 клуб тікелей 1-ші лигаға түссе, ал 6-шы орын алған 1 клуб 1-ші лиганың 3-ші орын алған клубымен стык ойындары арқылы келер сезонда Аламан Лигада ойнау құқығы үшін тартысса. Бұл регламент негізінде ойын және ойыншыларымыз нағыз конкурентноспособный болып қалар еді. 8 клубтың жартысы 1-ші лигаға түсіп қалу қаупінде болғандықтан чемпионатымыз қыза түсетін болса қалған жартысы жүлде (еурокубоктер) үшін аянбайтындары анық. Және аталған 8 клубтың қаржы-финанс, инфраструктура, т.т. мүмкіндіктерін талқылай отырып қатыстыру немесе аластату. Ең негізгісі КПЛ-мызды қазақшалап Аламан Лига десек. Төрешілеріміз бен тренерлеріміздің, ойыншыларымыз бен клуб қызметкерлеріміздің бірте бірте қазақ тілінде сөйлеулерін заңдастыру. Ал 1-ші лиганы Дөнен Лига, 2-ші лиганы Құнан Лига, аймақтық(обл) лигамызды Тай Лига десек. 1-ші (Дөнен) лигамыздың өзінде бәсеке күшейіп қалар еді және Аламан Лигада ойнау үшін жастарымыз нағыз практикадан іс жүзінде өтер еді. Тек еуроойндарға қатысушы қазақстандық клубтарға арналған рейтингілік, элиталық, ТОП-клубтарымызды анықтайтын Жорға Лигасын (тек қана рейтингілік Лига, еурокубокке қатысушы клубар үшін) жасақтасақ. Бұған еурокубоктарда соңғы 7 жылда (УЕФА соңғы 5 жылғы клуб рейтингідегідей) қол жеткізген нәтижелерінің қорытындысы негізінде баллдар есептеліп әр жылғы үздік шыққан клубқа және ең үздік тренер мен үздік ойыншыларға қомақты қаржылай және басқа да жүлделер тағайындасақ, т.т. Легионерлерге келер болсақ, әр клуб өз қатарында алаңда 6, алаңнан тыс 2-3, барлығы 8 немесе 9 легионерлер ұстауға құқық берілсе. Олардың бағасын әрине нарық анықтайтыны белгілі сол себептен әлемде қалыптасқан жүйе бойынша жұмыс жасау. Осы күнгі КПЛда легионерлерге қатысты ереже дұрыс негізде (жас шамасы, елдеріндің рейтингісі, т.т.). Ал өз, отандық ойыншыларымыздың бағасы осы күндері ТЫМ көтеріңкі, себебі ешқайсысы елден тыс, мықты чемпионаттарда өнер көрсетіп жүрген жоқ, сол себептен өз ойыншыларымыздың НАҚТЫ құндары әзірге белгісіз. Олардың кантрактілерін қайта қарап, айлықтарына шектеу қоюымыз керек, тек басқа елдердің (футбол жақсы дамыған) чемпионаттарында өнер көрсетіп, шыныменде ӨЗ бағасын, сыртта алған ойыншыларымыз болса бір бөлек, оларға кантракті негізінде, легионерлерге төленіп жүрген секілді млн-даған ақша төлеуге болады,,, Мотивация қайда жатыр. Қысқаша ұсыныс осындай. Әрине әркімнің өз пікірі бар, ал Сіз не дейсіз жанкүйер бауырым?»...":
Maratzhan.Оз ойынды болискенине рахмет, арине. Но, я не думаю что, от этого качество игры улучшится. И футбол игра не казахская, и к тому же никакого отношения не имеет конному виду спорта. Ну ты юморист! На поле должны играть футболисты, а не кони, хотя иногда глядя на наших футболёров, особой отличии не увидишь. Футбол придумали англичане, и пусть останется ихные термины. Это заслуженно.Ну не понравится мне и тебе, если завтра они наш "казахша курес" начнуть называть "english-kures". KZ-лига, еще куда приемлима. Кстати слово "лига" тоже не казахский. А насчет количества команд, я считаю, чем больше, тем лучше.