Murat
к записи "Али Суюмагамбетов: «С казахстанскими футболистами нужно вести профилактические беседы воспитательного характера»для Бейбіт Жұмажан:«Әли футболымыздағы беделді азаматтарымыздың бірі болғандықтан не айтар екен деп жазғандарын оқып едім. Айтқандарына қарыным ашып қалды. Футболшыларға тәртіп керек депті. Тәртіп дегенді матчтан кешікпеу, командаластарымен бет жыртыспау, бапкерді тыңдау, дәрігердің айтқандарын орындау, үлкендерін сыйлау, кішілеріне ізет көрсету деп түсінемін. Ал матч үстінде бекітілген заңдылықты бұзбай ойнау керек. Футболшы сәл шалт кетсе реперидің сары қағазы бар дайын тұратын.Сары қағазбен марапатталмайтын футболшы жоқ. "Қызыл қағаз" қасақана жасалған әрекеттерге берілетінін көріп жүрміз.Кейде тіпті бір команданы тұқырту үшін мықты ойыншысына әдейі беріледі. Исламханға үнемі осылай жасалады. Шетелдік реперилер де, қазақстандық реперилер де Исламханды мұқатуға әуес.Осындай әділетсіздіктерге ешқандай футболшы төзбейді.Қазір уақыт өзгерген. Әлидің тұсындағыдай кім көрінгеннен бұға беретін кез емес. Қазақ футболшыларының ұлтттық мінезге сай әрекет ететін кезі баяғы да келген."Алысқанмен алысады, жұлысқанмен жұлысады"! Пан Левандовский келген де қайтіп еді? "Астана -Аренаны" екіленіп, мен-менсіп, айдарынан жел есті. Соған неге қызыл қағаз берілмеді? Бауыржан Жолшиев Голландиямен ойында бірден ойыннан қуылды. Неге? Жауабы біреу-ақ.Командаға жеңіс әкелетін жігерлі қазақтарды ойнатқылары келмейтін бір "жымысқы саясат" бар екенін біріміз де білеміз. Сырттағы әлде кімдер іштегі біздің футболды билеушілерге де осы саясатты жүргіздіріп отыр ма деген ойдамын.Сондықтан, санаулы ғана қазақ футболшыларын өйтті, бүйтті деп жазғырғанша оларды қайрайтын, жеңістерге жігерлендіретін жақсы тілек айтқан жөн.»...":
Оқ таппай отырған көп бір атуға. Мін тағып мұқатуға жылатуға. Бір қазақ биіктесе уайымдаймын. Мың қазақ дайын тұрар құлатуға. Саят.Əбенов. Алла тағала разы болсын! Керемет айттың бауырым.