KaraKesek
к записи "В битве за лидерстводля Бейбіт Жұмажан:«Журналистер Қазақ футболының тарихын жақсы білетіндіктен "Қайратты" халықтық команда деп атайды. Журналистерді сөгетіндей сен кімсің! Аузыңа не келсе соны жазбай оқы тарихты.Түк білмеу Семей өңірінің тумасы болсаң сен сияқты жанкүйерге ұят болады.Семей - Қазақ Футболының Отаны! 1913 жылы Семей жеріне айдалып келген ағылшын тұтқындары мен көпестері жәй келмей өздерімен бірге футбол добы мен торын ала келіп тұрғындарды футболға үйреткен.Сол үшін ағылшындарға қарыздармыз.Сол үшін де өз басым ағылшын футболының кез келген командасын құрмет тұтамын.Ағылшындар жергілікті тұрғындарды футбол өнеріне тартып, "Ярыш", "Орлята", "Ласточка","Олимп"деген және бірнеше команда жасақтады."Ярыштың" сапында әлемге танымал жазушымыз Мұқтар Әуезов ойнаған! Қазақтың тұңғыш футболшысы Мұқтар Әуезов!Семейде тұңғыш рет халықаралық жарыс өткізілген.Өкінішке қарай азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысының салдарынан футбол ойыны тоқтап қалды.Тек,ҰОС аяқталғаннан кейін ғана елімізде футбол қайтадан қолға алынды.Аулада ойнайтын әуесқой футболшылардан жер-жерде футбол командалары құрыла бастады.1954 жылы Алматыда "Қайрат" командасы құрылып, бірден КСРО біріншіліктерінде ойнай бастады.Алғашқы жеңістеріне қол жеткізген сәттерінен бастап "Қайрат" Қазақстан халқының назарын аударды.Футбол көретін барлық адамдар "Қайраттың" тілеулесі болды.Команда ойыншысы Тимур Сегізбаевтың атағы КСРО-ға тарап, қазақстандықтардың мақтанышына айналды. "Қайратты"еңкейген кәріден есін білетін балаға дейін бәрі білді!Өмірге келген нәрестелер Қайрат деген есімді иеленді. Халқымыз "Қайрат" десе ішіп отырған астарын жерге қоятын."Қайратты" халықтық командаға айналдырған халық!Соғыстардың салдарынан 30 жыл тоқтап қалған Қазақтың футболын жалғастырған да "Қайрат"! Халықтың футболға деген ынтасын да оятқан "Қайратқа" халықтық команда атағын берген халық! "Халық айтса қалт айтпайды" деген. Қазақ футболында бастапқы атын сақтап қалған "Қайрат" пен Қарағандының "Шахтеры"!"Шахтер"- 1958 жылы құрылысымен бірден жетістіктерге жеткен "Қайраттан " кейінгі бірден бір даңқты команда! Ал, Қазақ футболының Отаны -Семейдің бірде бір командасы бүгін неге ҚПЛ-да ойнамайды?Осыған неге басыңды қатырмайсың? »...":
Қайрат СССР кезіндегі басқа Қайрат, мен де студент болғанмын Алматыда, стадионға баратынбыз Байшақов, Ордабаев, Пеха, Стукашов, Ионкин, Шадиев, Талгаев.......вот солар НАРОДНАЯ КОМАНДА (қазақстандықтар орыс, қазақ, шешен....). ал талтаң-талтаң ГОУ, "звезда" Аршавин, сорайган Маркович и ,,,,,, - менің ұрғаным жоқ, тек сол Исламхан мен Қуат, Сүінбаев үшін қараймын Қайратты (Дарабаевты ысырып салды)