Aрман Шагалин
к записи "«Kazsport» покажет матч «Кайрат» — «Окжетпес»для Бейбіт Жұмажан:«Қарағым, Айқын, 1978 жылы дүниеге келгеніңді айқын көрсетіпсің.Бұдан 44 жыл бұрын "Қайратқа" жанкүйер бола бастағанымда сен өмірге әлі келмеген екенсің.Қазақ футболының 103 жылдық тарихын Семей өңіріндегі алғашқы командалардың бірі "Ярыш" командасы бастап,1914 жылы саяси жағдайларға байланысты тарап кетті.Қазан төңкерісі,Отан соғысынан кейін халық шаруашылығы өркендей бастаған кезде, нақты айтқанда 1954 жылы Алматының "Қайраты" құрылып Қазақ футболының үзіліп қалған тарихын қайта жалғастарды."Қайрат" командасы Совет Одағының Чемпионатында ойнады.1957, 1958 жылдары Тибилисиде, Ригада жеңістерге жетіп, Пермьнің "Звездасын" 3 :0 есебімен тізе бүктірді.Осы жылдары команда сапында Қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаев ойнады.Сегізбаев - "Қайраттың" атағын шығарды."Қайрат" десе Тимур Сегізбаевтың есімі Тимур Сегізбаев десе "Қайраттың" аты қатар аталатын.Ауылдың қара топырағын борпылдатып жүрген бала едім ол кезде. Үлкен адамдардан бастап жастар мен балалалардың ауыздарынан "Қайрат" пен Тимур Сегізбаев түспейтін! От басындағы әжелер мен апалар да "Қайрат" десе елеңдеп отыратын. "Қайрат" қала мен далаға ортақ команда болғандықтан №1-ші Халықтық команда деген атақты Халық берді! Халықтың берген бағасы туралы білгің келсе архивтерге барып 1958-1980 жылдары жарық көрген басылымдардың тігінділерін қарасаң менің неге "Қайратты" халықтың командасы дейтінімнің мәнін түсінесің.»...":
Баке соз жок союз кезинде номер 1 болды, ренжемениз казир олай емес!